05
февраль
2025
«Функцияның асимптоталары»
10 «В» сыныбында «Функцияның асимптоталары» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ жаңа тақырып бойынша болды. Оқушылар топтық жұмыс барысында түсіну қиын болған тақырыпты зерттеді. Олар белсенді түрде топтарда жұмыс істеп, әрбір топ өздеріне спикерлерді таңдап, тізбек бойынша түсіндіру әдісін қолданды. Жаңа тақырып бойынша мысалдарды талқылап жатқанда, бір оқушы: «Ура! Мен түсіндім!» деп айқайлады. Бұл сабақтың мақсатына жеткенін көрсетеді.










