29
январь
2025
«Инфознайка» викторинасы.
«Математика, Физика және Информатика» кафедрасының онкүндігі аясында, информатика мұғалімдері «Инфознайка» викторинасын өткізді.
Викторина ойын түрінде өтті, оның мақсаты – оқушылардың цифрлық сауаттылық деңгейін тексеру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын және интернетте қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Викторина әртүрлі деңгейдегі сұрақтарды қамтиды: негізгі (ұғымдарды анықтау, файлдармен жұмыс жасау) және күрделі (бағдарламалау, киберқауіпсіздік).
«Инфознайка» викторинасында әрбір дұрыс жауап үшін кішкене сыйлықтар берілді: қарындаш, қалам және бастауыш сынып оқушыларына тәтті тосын сыйлар тарту етілді.





